Zholdasbekov

Мырзатай Жолдасбеков

-көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, іргелі әдебиеттанушы-ғалым, түрколог, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор

ММЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ ЖОЛДАСБЕКОВ – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, іргелі әдебиеттанушы-ғалым, түрколог, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1937 жылы 27 мамырда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген.



Әкесі – Жолдасбек Ақботаұлы, келбетті, кісілікті, ағайынның ұйытқысы, өмірден тоқығаны көп, сауатты жан болса, анасы – Қалдыкүл Ырысқұлқызы да, ақындығы бар, ақжарқын, ажарлы, елге сыйлы кісі болған. Ұлы бабасы Темір би заманында Ақмешіттегі генерал-губернатордың билігін мойындамай, орысқа көнбей, Тереңөзектен Таласқа үдере көшкен. Алыс-жақын ағайындар Жолдасбектің шаңырағына «Үлкен үй, Темір бидің шаңырағы», - деп ағылып келіп жататын болған. Әкесі Жолдасбек көзінің оты бар бала Мырзатайды: «Ойынның түбіне жеткен бала жоқ, одан да қариялардың әңгімесін тыңда, пайдасы тиеді», - деп, үнемі жанынан тастамай, бірге алып жүретін болған. «Осы балаңды жаныңнан тастамайсың» - деген ағайынға күле қарап: «Бірдеңе шықса осы жәумелегімнен шығады», - деп отырады екен. Бала жастан қариялардың әңгімелерін тыңдап, уызға жарып өскен Мырзатай кітапқұмар, құйма құлақ, зерек болады.

Толығырақ

МАРАПАТТАР

Домбыра топтамасы

Суреттер жинағы