Zholdasbekov

Ойтолғау

Патшаның әр күні өзіне азап, халқына той.

Ел сенімі шексіз болмайды, оны бағалай білген жөн.

Ең әуелі ұлтқа қызмет ету керек. Сол ұлтқа қызмет еткен адамдарды ерекше қастерлеу керек.

Ұлтыңа сыйлы, әрі сыйымды болудан артық бақыт жоқ.

Құдайдан да биік болып кеткен партияны құлатқан Желтоқсан еді. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ұрпақ – батыр ұрпақ. Желтоқсанға саяси баға берілу керек!

Сан жылдар аңсаған өркениетке ұлттық құңдылықтарымызды, дәстүрімізді, ата салтымызды сақтап қосылуымыз керек.

Иесiн таппаған ел де, жер де жетiм.

Тарих дегеніміз – адамзаттың қоғамдық жады, адамның өзін-өзі тануы және өзі туралы пайымдауы, өткен өмірдің санада жаңғыруы.

Дүниенің төрт бұрышын билеген Ұлы Дала империясы – Түрік қағанаты әкелі-баланың алауыздығынан, ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті-халқының жауласқандығынан елдігінен, хандығынан айрылған; бек ұлдары

құл болған, пәк қыздары күң болған. Мұны ешқашан ұмытуға болмайды. Ошақтың бұты үшеу болғанмен, ұлттың біреу екендігін ешқашан естен шығармайық.

Әдептен озбаған, босқа құлашты созбаған, қарап жүріп тозбаған жақсы. Дәулетсіз бақ болмайды, қадірсіз тақ болмайды, жаңылмайтын жақ болмайды. Алладан сұрап, абайлап басып, анық сөйлеп жүрейік. Туралықтың туын ұстап, кісіліктің жолынан таймайық, ұлттық қа-сиетімізден, дәстүрімізден, кісілік келбетімізден айнымайық; келешектің үмітін ақтайық, елдігімізді сақтайық.